Паника кенеттен келіп, қайта қайталанады деп қорықсаң, мәселе тек 🧠 "ойда" емес!​

Сырттай бәрі дұрыс сияқты.
Сен өмір сүріп жүрсің. Жұмыс, үй, күнделікті тірліктерің...
Бірақ іште бір сақтық бар: “Қайта басталып кетпесе екен…”

Айтып жеткізу қиын, бірақ дене деңгейінде сезіледі.
Кейде:
  • жолға шыққанда
  • лифтке кірерде
  • кезекте тұрғанда
  • көптің алдында сөйлегенде
  • немесе жай ғана үйден алыс кеткенде
ішіңнен бір “қозғалыс” басталады.

Сосын сен байқап қаласың:
  • жүрек соғысы
  • тыныстың қысылуы
  • кеудеде қысым
  • дене дірілі
  • бас айналу
  • “қазір құлап қалам ба?” деген ой
Сен бәрін түсінесің.
Бұл “қауіп емес” екенін де білесің.
Бірақ басқара алмайсың.

Сосын ең қиыны басталады:
сен паникадан емес — паника қайта болудан қорқасың.​

Сондықтан денені үнемі “тексеріп, бақылап жүресің”:
  • тыныс алуыңды, қан қысымын, басыңды, жүрегіңді… бақылау… бақылау… бақылау.
Бұл әлсіздік немесе қорқақтық емес.
Бұл — жүйке жүйесінің күйі.
Бұл неге қайталана береді?
Көп адам бұл жерде өзін кінәлайды:
  • “Мен өзімді ұстай алмаймын”
  • “Мен әлсізбін”
  • “Тағы бір психологиялық разбор, тағы бір түсінік керек шығар”
Бірақ мәселе сенде емес.
Бұл — жүйке жүйесінің автоматты реакциясы.​
Ол сенің ойыңды күтпей іске қосылады.
Сондықтан:
біреу “тыныштал” десе — уақытша жеңілдейсің
бірақ ертең дәл сол жағдай қайталанса — қайта қосылады.
Себебі ойша түсінгенімен,
ал дене болса — әлі де “қауіп бар” режимінде қалады.​
Паника — бұл симпатикалық жүйенің сигналы, ол сөзді түсінбейді.
Дене ойдан бұрын әрекет етеді.
Неге құр әңгіме ұзаққа көмектеспейді?
Сен бәрін логикамен түсінуің мүмкін.
Бірақ дене бейсаналы түрде:
  • қауіп бар ма — өзі шешеді
  • қауіпсіздік бар ма — өзі анықтайды
Сондықтан:
ойда “мен жақсы болуым керек”
ал дене “бей или беги” режиміне кіріп кетеді.

Мәселе сенің бүгінге дейін қолданған әдістердің жаман болуында емес.
Көп тәсілдер тек симптомды басуға тырысады.
Ал негізгі сұрақ басқа:
Неге дене дәл осылай “күйіп” кете береді?
Неге ол қайта-қайта қосыла береді?
Неге мен өзімді үнемі бақылауда ұстаймын?​

Өткенді қазбалау міндетті емес.
Ұят, құпия, ауыр естеліктерді ашу шарт емес!

Кейде денеге бір ғана нәрсе керек:
терең, қауіпсіз демалыс.​

Жүйке жүйесіне не керек?
Жүйке жүйесіне:
  • көп сұрақ керек емес
  • анализ жасау да керек емес
  • сену де міндетті емес
Оған тәжірибе керек.
Физиологиялық деңгейде
"қазір қауіп жоқ" деген сигнал.

Ой емес — сезім.
Түсіну емес — хал.
NSDR деген не?
NSDR (Non Sleep Deep Rest) —
жүйке жүйесіне арналған ғылыми протокол.

Мен NSDR негізде қазақ тілінде арнайы аудио терапияны дайындап қойдым.

Бұл:
  • сен қорқатын гипноз емес
  • сен тыңдаған медитация емес
  • "өзіңді сендір" техникасы да емес
Бұл — физиологиялық демалыс.

Қысқа аудио-практика арқылы
денеге босаңсуға, қайта теңесуге мүмкіндік береді.

Сен жай ғана тыңдайсың.
Дене өз жұмысын өзі істейді.

Сену міндетті емес.
Тек байқап көру жеткілікті.
Өзім жайлы

Міндетбай Ерхан
@mindetbay.therapy

PhD ғылым докторы
(University of Southampton, UK)
• Қазақстандағы жалғыз лицензияланған RTT (Rapid Transformational Therapy) маманы
• Сертификатталған гипнотерапевт (CHyp)
• Сертификатталған SSP маманы (Unyte)
• 4 тілде 🎧 аудиотерапиялар авторы
ҚР Психосоматика мамандары қауымдастығы кеңесінің мүшесі
Не үшін NSDR тиімді?
  • Уақыты аз — шамамен 20 минут
  • Арнайы дайындық қажет емес
  • Графикке байламайды
  • Кез келген жерде қолдануға болады
Көп адам былай дейді:
"Мен жай ғана тыңдадым —
ал миым тынышталып, көзім ілініп кетті"

Бұл сенімге емес,
дененің реакциясына негізделген.
Ғылыми негізі
NSDR (Non Sleep Deep Rest) — бұл нейробиологияда қолданылатын терең демалыс күйі.
Ол ұйқы емес, бірақ ми мен жүйке жүйесі үшін ұйқыға ұқсас қалпына келу режимін іске қосады.
Бұл форматты нейробиолог, Стэнфорд университетінің профессоры
Dr. Andrew Huberman өз зерттеулерінде жүйке жүйесін қалпына келтіру үшін ұсынады.
Маңыздысы — NSDR:
  • оймен жұмыс істемейді
  • сендіруді талап етпейді
  • эмоцияны "өңдеуге" мәжбүрлемейді
Ол тікелей дененің физиологиялық деңгейінде жұмыс істейді.

NSDR мазасыздықты азайтуға көмектесетіндігі және “мазасызданудан мазасыздану” (meta‑anxiety) азайтанын да жазылған. Осылайша ұйқыны жақсартуы мүмкін екенін де айтылады (жүрек соғуын және кортизолды төмендету арқылы).​

Жүйке жүйесіне бір ғана сигнал береді:
"Қазір қауіп жоқ. Демалуға болады."

Сондықтан NSDR — бұл:
  • аффирмация емес
  • мотивация емес
  • позитивті ойлау емес
Бұл — жүйке жүйесіне арналған нақты биологиялық тәжірибе.
Кейде нәтиже сөзсіз-ақ сезіледі.

Сөздерге сенуге міндетті емессің.
Дене өзі көрсетеді.
Бұл формат кімге арналған?
Егер сен:
  • паникалық ұстама қайталанудан қорықсаң
  • денеңді үнемі “бақылап” жүрсең
  • жол, лифт, кезек, көпшілік сияқты жерлерден қашқақтасаң
  • дәрі ішпей ішкі тыныштыққа келгің келсе
  • ұзақ терапияға дайын болмасаң
  • өзіңді және өткеніңді қайта қазғың келмесе
онда бұл NSDR — сен үшін.

Мұнда:
  • талдау жоқ
  • сұрақ жоқ
  • міндеттеме жоқ
  • тыңдағаннан паника болмайды
  • тыңдағаннан жаман болмайды

Сен:
  • аудионы қосасың
  • 20 минут тыңдайсың
  • паникалық атака кезде тыңдай аласың
Аудио терапияларым жайлы пікірлер
  • Жанар, 48 жас, кеңседе қызметкер:
    • Аудио терапиядан соң қанша аз ұйықтаса да, шаршағанды сезбейді.
    • Таңертең оянғанда бастың ауыратыны, қиын ұйықтау дегендер кетті.
    • Жұмыста стресске түсуі азайды.
  • Айгерім, 40 жаста, ғылым докторы:
    • 10 күн тыңдады.
    • Ұзақ уақыттан бері алғаш рет бас ауруынсыз оянды.
    • Тревога азайды.
    • Ұйқысы реттелді.
  • Аноним (өз сөзімен):
    Жарықты өшіріп, жатып, көзімді жұмып, құлаққап арқылы тыңдадым.
    Аудио мені баурап алды!
    Алдымен ақырын тыңдадым.
    Тыңдау барысында ешқандай себепсіз, өзім жылағым келді.
    Өзімді ұстауға тырыстым, бірақ кеудемді езіп тұрған сезім толқынына шыдай алмай, жылап жібердім!
    Бірақ қайғыдан жылаған жоқпын; тек жылағым келді.
    Бір кезде сонша жылағаным үшін өзіме күлгім келді де, қатты күлдім.
    Соңына қарай тынышталып, жеңілдік сезіндім!

Сен не аласың?

💎 Төлем жасай сала бірден:


1 - 🎧 Аудио#1: Қазақ тіліндегі 20 минуттық NSDR аудио
2 -🎧 Аудио#2: NSDR жайлы қысқа нұсқаулық

🎁 БОНУСҚА:


3 - 🎧 Аудио#3: Парасимпатика режимін қосып, антистресс қызметін атқаратын және жүздеген адамға көмектесіп үлгерген 🎧 авторлық аудио терапиям (10 минут).
Бұл аудио терапияны NSDR-мен бірге тыңдауға болады, ұйқыға бару әсерін арттырады.

4 - 🎥 Видео: Жүйке жүйеміздың жұмысы жайлы видео сабақта ғылым тақырыптар түсінікті тілмен түсіндірілген. Бұл саналы эффектті ең аз дегенде 40%-ға арттырады.

✅ Барлығы төлемнен кейін бірден 🔒 Жабық Telegram арнасында беріледі.

Менің бұл ұсынысыма күмәнданбауың үшін мына шартты айтайын.
Мен бұл аудиолар мен видео сабақтың көмектесетініне нақты сенімдімін!
Егер сен осыларды алып, тыңдап, дұрыс орындап, прогресс көрмесең және еш айырмашылықты сезінбесең,
мен төлеген ақшаңды қайтаруға дайынмын.
💯 Риск менде!

Маңызды шарт!
Бұл шарт сен тапсырмаларды орындап, 10 күн бойы аудио терапияны тыңдаған жағдайда ғана жұмыс істейді.
Әйтпесе, нәтиже болмайды!
Дайынсың ба?!

Қазір қолжетімді формат.

Бұл NSDR аудио — пилоттық формат ретінде шектеулі адамдарға ашық.

Қазіргі бағасы 6600 ₸

Бұл:

  • ұзақ терапия емес
  • міндеттеме емес
  • шектеу емес

Бұл — жүйке жүйесін сезіну үшін 20 минуттық алғашқы қадам.


20 минутты байқап көргің келе ме?

Kaspi Pay арқылы төлем →

бірден жабық Telegram-арнаға қосыласың →

Аудиоларды кез келген уақытта тыңдайсың!


Сенен талап етілетіні:

❌ ештеңе айту емес

❌ ештеңе дәлелдеу емес

✅ тек тыңдау

✅ қалаған кезіңде аудионы тоқтата аласың


Дене тынышталғанда — оны өзің-ақ байқайсың.

Жиі қойылатын сұрақтар
  • Сұрақ:
    Бір тыңдағаннан әсер етпесе ше?
    Жауап:
    Аудио терапияны 🎧 құлаққап арқылы тыңдау керек.
    Әдетте бастапқы релаксация деңгейі алғашқы 3 минутта басталады.
    Ал ең жоғары әсер болса, қолданып бастағаннан 3-5-ші күндерде байқалады.
  • Сұрақ:
    Бұл дәрі-дәрмектің орнын баса ала ма?
    Жауап:
    • Жоқ! NSDR дәрі-дәрмектерді алмастырмайды.
    • NSDR - жүйке жүйесінің қайта жүктеуге көмектеседі.
    • Ал дәрі ішіп жүруіңіз аудионы тыңдауыңызға кедергі емес.

    ⚠️ МАҢЫЗДЫ: Егер сен дәрі-дәрмектерді (антидепрессанттар, нейролептиктер және т.б.) қабылдап жүрген болсаң:
    • NSDR емделу процессті толықтырады, дененің қалпына келуіне оң әсер береді
    • Дәрі-дәрмектерді әдеттегідей қабылдауды жалғастыр
    Егер сізде сұрақтар туындаса, дәрігермен кеңес!
  • Сұрақ:
    Аудиотерапияны қанша рет тыңдауым керек?
    Жауап:
    Күніне бір рет Аудио#1 NSDR тыңдау жеткілікті.
    Аудио#2 тереңірек нәтижелерге жетуге көмектеседі (аптасына 3-4 рет).
  • Сұрақ:
    Нәтижені қашан сезе аламын?
    Жауап:
    Алғашқы тыңдау арқылы бірінші релаксация.
    3 күнде тыныштық.
    1 аптада тұрақтылық.
  • Сұрақ:
    Автокөлікті айдап бара жатып, жолда тыңдауға бола ма?
    Жауап:
    ⚠️ Жоқ! Аудио терапияны автокөлік жүргізу үстінде тыңдамаңыз!
    Аудио тыңдау кезінде қалқып кету, ұйықтап кету қаупі бар.